Kөше тарихы

Алматының көпшілік транспортына отыра қалсаң не бір қызық әңгімелер мен жәйттерге тап боласың. Әдеттегідей жұмыстан кайту үшін №6 трамвайға отырғанмын.  Бос орын іздеп, бір қарт кісінің қасына отырдым. Ол кісі үнсіз отырған, кенет жүргізуші Абылайхан деп келесі аялдаманы хабарлағанда, маған қарап: “Бұл мен ес білгелі білетінім,  көшенің бесінші атауы”, – деді. “Солай ма?” – деп мен таң қалған сыңай таныттым. Шындығында Абылай хан даңғылының бұрын Коммунистік деп аталғанын ғана біледі екенмін. “Ия, – деді ол кісі жайлап қана, – қаланың аты Алматы аталмай тұрғанда бұл көше Кладбищенский деп аталды. Себебі, қазіргі 2-ші вокзал тұрған жерде зират болатын. Одан кейін, вокзал салынғанда Привокзальная деп аталды, одан кейін Сталин, кейін Коммунистік, ал қазір Абылай хан деп аталады.  Қызық, күнделікті қарбалас тірлікпен жүріп, қала тарихына мән бермейміз екен. Қала көшелері қаншама қызықты тарихы сырларға толы.  Қасымдағы жол серігім тұнып тұрған шежіре екен. “Казпроектный” институын салуға қатысқан, негізгі мамандығы құрылысшы болып шықты.

Тарихи ақтаңдақтарымыздың бірі

Қазақ халқы небір нәубеттерді басынан өткерген халық.

         Тарихтың әрісіне бармай-ақ бергісі, сонау, 19 ғасырдан бастасақ, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1928 жылдан басталған елді жаппай ұжымдастыру, 1931-33 жылдардағы қолдан жасалынған аштық, Кеңестік өкіметтің осы кейбір келеңсіз жақтарына қарсы тұра білген,  «Халқым!», «Елім!» деп өткен Алаштың маңдайалды зиялыларын қырған 1937-39 жылғы репрессиялар.., айтып кетсе толып жатыр, тарихтың ақтаңдақ жақтары жетерлік.

        31 мамыр күні, күндізгі сағат 11-де Алматы қаласындағы аштық құрбандарына арналған ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тәуіп етушілер Наурызбай мен Қабанбай батыр көшелірінің қиылысындағы саябаққа жиналды. Аштық құрбандарына қойылған ескерткіште шағын ғана мәрмәр тасқа қашалып бір ауыз сөз жазылған. Саябақтың жанында түсі суық, сұрғылт ескі ғимарат бар. Келушілердің ішіндегі қарт ақсақал, өзін таныстыруды жөн санамады, осы ғимараттың кезінде НКВД-ның ғимараты болғанын, талай боздақтардың қаны дәл осы, біз тұрған жерде төгілгенін айтып өтті.

         Құрбандарға тағзым етуші көпшілік қауымға  жалауы мен «Аттан, Қазақстан!» ұранын көтеріп Амантай қажы да келіп қосылды. Ол ең алдымен аруақтарға дұға етіп, содан кейін орысша, қазақша тележурналистерге сұхбат бере бастады.

         Ал, ескерткіш маңына жиналған 8-12 жас аралығындағы бір топ бүлдіршін М.Жұмабаев, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ә.Бөкейханов, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытов сынды Алаш ұлыларының суреттерін көтеріп шықты. Олар «Біз Қазақстанның өткеніміз!» деп бір дауыспен айтып, өздері алып шыққан суреттерді таныстырды. Бұл шағын шараны ұйымдастырушы «Балға» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бибігүл Рымқұлова: «Бұл жерде ашаршылық құрбандары жатыр, бұл кісілердің қатысы не?» деген  журналистер сауалына: «Бұл кісілер қазақтың ұлылары, даналары. Қазақ халқына қарсы жүргізілген кеңестер одағының саясатына қарсы шығып сөйлей, өз шығармаларында көрсете білген, кейін тоталитарлық  режимнің құрбандары болғандар. Балалар білуі керек. Мектепте осы тақырыпқа әңгіме өтсе керек. Біз сол кісілердің суретін алып шыққымыз келеді деп өздері бастама көтерді», – деп жауап қатты.

         Ескерткіш маңына 30-шақты адам жиналды. Әрқайсысы осы күннің маңызы жөнінде білетін, ата-әжелерінен естіген әңгімелерін айтып жатты.

         Ашаршылық, репрессия құрбандарына арналған шара жылдың тек бір күні қана аталып өтетіні өкінішті-ақ.

         Кезіндегі Кеңестер одағы жүргізген кереғар саясаттың құрбандары туралы  айтылып та жазылып та жатыр. Украина өзінің тарихындағы осы бір  ашаршылықтағы қырылған халықты геноцид құрбаны болған деп саяси бағасын беріп отыр. Сол жылдары қырылған халықтың нақты саны, олар туралы деректер жеткілікті.

         Ал, бізде, жылына бір-ақ рет ескерткіш басына барып, құран оқып, гүл шоқтарын қойып құрметтеуден әріге аса алмауда.

 

 

Митинг туралы

28 мамырда Алматы қаласының “Сары-Арқа” кинотетарының саябағында “Қазақстан ұлт байлығының жаппай сатылуы тоқтатылсын!” деген тақырыпта жалпыхалықтық митингі болып өтті. Оның ұйымдастырушылары “Азат” ЖСДП партиясы мен “Халық билігі” блогы”.  Алматы қаласы әкімдігінің рұқсат етуімен өткізілген бұл митингіге бір мың жарым адамдай қатысты.  Бұл жөнінде митингі соңында митингі жүргізуші Әміржан Қосанов хабарлады. Сонымен қатар,  осы митингіге “Қазақстанның социалистік қозғалысы”, “Тәуелсіз кәсіподақтар ұйымы”, Желтоқсан қозғалысы, және тағы да басқа қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.  Митингіде Қазақстанның жер асты байлықтарын игеріп отырған шетелдік инвесторлардың қарауында жұмыс жасайтын қазақ жұмысшыларының әлеуметтік теңсіз жағыдайы, Қытай инвесторларының белсенділігі секілді орын алып отырған жағыдайлар мен халықтың әлеуметтік тұрмысының төмендігі сөз болып өтті. Соңынан қарар қабылданып ол Үкімет басшыларына жеткізілетіні айтылды.

Мүгедек әйел-аналар

Бүгін, 24 мамырда, сағат 14-00-де Алматы қаласының Ұлттық пресс клубында “Биьі-Ана” мүгедек әйелдер қоғамының пресс-конференциясы өтті. Конференцияға қоғамның  негізін қалаушы Бибігүл Иманғазина, құрылтайшыларының бірі Иманғазина Лайла, Левина Елена, қорғаушы Сергей Уткин, ОСДП “Азат” партиясының мүшесі Маржан Аспандияровалар қатысты.  Қоғамның төрайымы Б.Иманғазина 2006 жылдан бері созылып келе жатырған қоғамның кеңсесінің дауы төңірегінде қысқаша айтып өтті. Қор кеңсесі Абай мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында 12 ғимаратта орналасқан екен.  Бұл ғимарат ішіндегі офистарымен бірге “АлматыГазинжиниринг” компаниясына 2 млн АҚШ долларына сатылған.  Ғимараттың 8,5 мың шаршы метр жерді алып жатқанын ескергенде бұл әрбір шаршы метрі 200 доллардан сатылды деген сөз. Ғимараттың сатылуын мемлекет тарапынан қадағалаған Тимур Құлыбаев, осы ғимараттың сатып алушы иесі болып шықты.  Пресс-конференция берушілер бұл ғимараттан “Бибі Ана” қоғамының қуылуын заңсыз деп есептейді.

Алматыда бұршақ жауды

В предгорье Алматы град был с голубиное яйцо (фото)17 мамыр күні Алматыда қатты жел соғып, жаңбыр жауды.  Қаланың іші мен айналасындағы елді мекендерде қатты соққан желдің зардабынан ағаштар құлап, көптеген үйлердің шатыры мен есіктерін жұлып кеткен. Табиғаттың кереметін қараңыз, кей жерлерде  үлкендігі көгершіннің жұмыртқасындай бұршақ жауған.

Шығармашылық кеш

14 мамыр күні Алматыдағы Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында ақын, қоғам қайраткері М.Шахановтың шығармашылық кеші болып өтті. Кеш екі мезгілде, сағат 15-те және 19-да өткізілді. Кеште М.Шахановтың сөзіне жазылған әндер   танымал әншілер А.Жорабаева, Т.Асар, С.Майғазиев, “Жалын”, “Жігер”, “Жігіттер”, “Раян” тағы басқа топтармен қатар, жаңа танылып жүрген жас әншілердің орындауында  шырқалды. 

Кештің жағымды бір жаңалығы – ол – жас ақын Жамбыл Дүйсенов деген 7 жасар баланың өз өлеңдерін оқуы болды.  Жамбыл тіл, туған жер, қазақтар туралы өлеңдерін оқыды. Болайын деп тұрған бала екен, құдайым тіл-көзден сақтасын.

Сұлулық туралы

Біздің қазіргі заман жастарының сұлулық туралы пікірі қандай? Менің ойымша жастар сұлулыұты әдемі, қымбат киім кию, “крутой” машина, тағы да басқа заттай құндылықтармен түсінетін сияқты.

Previous Older Entries

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.